返回


Тілебалды ағамыз
▶播放
歌词
[male vocal]
Халқын сүйіп өз жанына балаған,
Халқы сүйіп қамқоршым деп қараған.
Іскерлігің, кескіндігің, ерлігің,
Ел ішінде ертегідей тараған.
Қайырмасы:
Басқан ізі бәрі аңыз,
Биік сізге бағамыз.
Ел бастаған дара құз,
Сөз бастаған данамыз.
Тілеп алған халқымның,
Тілебалды ағамыз.
Сізді туған ел мен жердің бағы бар,
Бір бойыңнан халық қамы табылар.
Қиналғанның маңдайынан сипаған,
Мейірімді қолдарыңның табы бар.
Қайырмасы:
Басқан ізі бәрі аңыз,
Биік сізге бағамыз.
Ел бастаған дара құз,
Сөз бастаған данамыз.
Тілеп алған халқымның,
Тілебалды ағамыз.
Ізгі ісінен, іздерінен нұр жауар.
Елге тірек сіздей мықты тұлғалар,
Дана әкім, дара ақын, жақсы аға,
Мектебісіз ұрпақтардың үлгі алар.
Қайырмасы:
Басқан ізі бәрі аңыз.
Биік сізге бағамыз.
Ел бастаған дара құз,
Сөз бастаған данамыз.
Тілеп алған халқымның,
Тілебалды ағамыз.
